Ақжарда 40 жыл жөндеу көрмеген аула абаттаныдырылуда
Жамбыл көшесінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлердің ауласын жөндеуге 15,8 млн теңге жұмсалған
Тарбағатай ауданының әкімі жөндеу жұмыстарын көріп қайтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Аудан әкімі Жөргекбаев Дархан Шомпайұлы және аудандық мәслихат төрағасы Қанағатов Өмірхан Әйкенұлы Ақжар ауылының Жамбыл көшесінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру, асфальттау жұмысымен танысты.
Жобаға биыл аудандық бюджеттен 15,8 млн теңге бөлінген болатын.
Мердігер "Ивега" ЖШС өкілінің ақпараты бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Алдағы уақытта аулаға балалар ойын алаңы, қоқыс қалдықтарына арналған арнайы орын жасалатын болады.