Бүгін Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
Конституция күнін мерекелеуге байланысты 30 тамызда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді

31 тамызда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетеді. Жұмыс уақыты 9.00-ден 13.00-ге дейін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Дүйсенбі, 2 қыркүйектен бастап орталықтар азаматтарды әдеттегі кестеге сәйкес 9.00-ден 18.00-ге аралығында, кезекші ХҚКО-лар 20.00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, сенбі күндері кезекші мамандандырылған орталықтар сағат 9.00-13.00 аралығында жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" МК ШҚОФ.