Қызыл ту өткеліндегі паромдардың уақыты өзгерді
Өзгеріс Бұқтырма су қоймасының үстінен салынып жатқан көпір құрылысына байланысты
Паромдардың бірі құрылыс жұмыстарына жұмылдырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өндірістік қажеттілікке байланысты "Күршім" паромы 28 тамыздан бастап Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысына жұмылдырылатын болады, - деп хабарлады ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.
"Қызыл ту" паром өткелі қалыпты режімде жұмыс істейді, көліктерді тасымалдау белгіленген кесте бойынша "Ертіс" паромымен және "Одесса" моторлы кемесі арқылы жүзеге асырылады.