ШҚО-да мектеп оқулықтарын сатып алуға 450 млн теңге бөлінді
Бұл туралы өңір мұғалімдерінің қатысуымен өткен тамыз кеңесі кезінде белгілі болды
Фото:
pexels.com
ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышеваның айтуынша, жалпы білім беру мекемелерін оқулықпен қамтамасыз ету жүйесі орталықтандырылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Биыл оқулық сатып алуға 450 млн теңге бөлінген.
148 725 дана кітап пен оқу-әдістемелік кешенді сатып алу үшін 14 баспамен келісімшарт жасалған.
Кітаптар 20 тамызға дейін жөнелтіліп, 23 тамызға дейін жеткізіледі деп күтілуде. Артынша 25 тамызға дейін оқушыларға үлестіріледі.