Шығыстан ұрланған малды оңтүстікке апарып сатқан
ШҚО полицейлері мал ұрлығымен айналысып жүрген бір топ адамды ұстады
Төрт адамнан тұратын топ 70-тен астам мал ұрлап, жалпы сомасы 47 млн теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тәртіп сақшылары қаскөйлерді жедел іздестіру іс-шаралары барысында анықтаған. Топта төрт күдікті белсенді әрекет еткен, мал басының бір бөлігі тәркіленді, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Олардың есебінде 70-тен астам мал ұрлығы бар, ұрланған мал етін олар елдің оңтүстігінде сатқан. Келтірілген шығын көлемі 47 млн теңгеден асып жығылады.
Сонымен қатар, ұсталғандардан атыс қаруының бірнеше түрі және 60-тан астам патрон тәркіленді, олар бойынша сараптама тағайындалды.
Айыпталушылар соттың санкциясымен қамалды, тергеу әрекеттері жалғасуда және олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда, - делінген хабарламада.