Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ның 27 ауылында атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайған

Шығыс Қазақстанға ҚР Үкімет басшысының кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ның 27 ауылында атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайған
Фото:
"Ертіс" ӘКК" АҚ баспасөз қызметінен

Сапар мақсаты – ауылды жерлерде халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған "Ауыл аманаты" бағдарламасының нәтижесін бағамдау, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Ертіс" ӘКК" АҚ баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Ералы Тоғжанов өңірде "Ауыл аманаты" аясында ашылған және шаруашылықтарын кеңейткен нысандарды аралап шықты. Кейін ШҚО әкімі Ермек Көшербаевпен бірге ауыл-аудан әкімдерінің онлайн-оффлайн қатысуымен кеңейтілген жиын өткізді.

Айта кеткен жөн, бағдарлама нәтижесінде Шығыс Қазақстандағы 27 ауылда атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны азайған. Яғни, әл-ауқат көтеріліп, бірқатар ауылдықтар аз қамтылғандар қатарынан шығарылған. Сондай-ақ, жоба аясында 24 ауылда жұмыссыздық жойылып отыр. Ералы Лұқпанұлы 30 жылдың ішінде ауылда жұмыссыздықты нақты жойдық деген ең үлкен жетістіктердің бірі екенін атап өтті.

Ералы Тоғжанов Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушыға ұсыну тұрғысынан ерекше атап өткен үлкен жобалардың бірі – "Алтай" көтерме-тарату орталығы.

Ауылда шығарылатын өнімдердің барлығын осы КТО арқылы өткізуге болады. Тіпті ірі компанияларға осы жерден тазалап, қораптап жеткізуге болады. Шығыс Қазақстанда өнеркәсіп салсының алып кәсіпорындары орналасқандығы мәлім. Мәселен, бір ғана зауытта 19 мың адам жұмыс істесе, олар 3 мезгіл тамақтанады. Тағамның көбі сырттан әкелініп жатыр. Неге оның барлығын жергілікті өнімдермен қамтамасыз етпеске?! – деген Ералы Тоғжанов өндіруші, жеткізуші және тұтынушы арасында жүйелі қарым-қатынас орнатып, тараптарға тиімді механизмдерді іске асыру керектігін тапсырды.

Іс-сапар аясында Ералы Тоғжанов жергілікті ірі компаниялардың өкілдерімен де кездесті. Талқылау барысында бірқатар тың ұсыныстар да болды. Мәселен, 100 ауылға 100 ірі қара беру туралы айтылды. Кеңесшінің айтуынша Қазақстан бойцынша жүріп жатқан "Тауарлық несие" жобасы шеңберінде бұл бастамалар толық құпталады.

Айта кетсек, 2023 жылы "Ертіс" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ сенімді өкіл ретінде танылып, "Ауыл Аманаты" бағдарламасын іске асыру барысында, ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға ШҚО бойынша жалпы сомасы 1 млрд 535 млн теңгенің 213 шағын несиесі берілді. Нәтижесінде 12 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері жалпы сомасы 309,6 млн теңге жеңілдікті несиесін алды. Сондай-ақ, қаражат алған жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар саны - 201, оларға берілген несиенің жалпы сомасы – 1 млрд 225,5 млн теңге.

Бүгінгі таңда Бағдарлама аясында аймақ бойынша 235 жұмыс орны құрылып отыр. Биыл Шығыс өңіріне аталмыш бағдарлама аясында 5 млрд-тан астам қаражат бөлінеді деп күтілуде, – деп хабарлады "Ертіс" ӘКК" АҚ баспасөз-қызметі. – "Ауыл Аманаты" бағдарламасын 2024 жылы жүзеге асыру барысында аудандардың, ауылдық округтердің мамандануы мен ШҚО азық-түлік қауіпсіздігін қаматамасыз ету бағыттарына басымдылық берілмек. Арнайы скрининг көрсеткендей, облыс көлемінде 2024 жылға жобалар бойынша несиеге деген қажеттілік 5 631,2 млн теңгені құрады. Биыл 1 000 жобаны жүзеге асыра отырып, 1 059 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Следующая →
Тақырыптар: "Ертіс" ӘКК" АҚ