Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО басшысы әкімдерге мектептерде бақылау жүргізуді тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жаңа оқу жылына дайындық бойынша кеңес өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО басшысы әкімдерге мектептерде бақылау жүргізуді тапсырды
Фото:
pexels.com

Облыста 206 балабақша мен 180 шағын орталық бар. Орта білім беру жүйесінде 343 мектеп бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Білім беру ұйымдарының барлығы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. 135 мекеме турникетпен жабдықталып, сондай-ақ мамандандырылған күзетпен де келісімшарттары бар, - деп мәлімдеді өңір басшысына ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

Облыс әкімі мектептердегі дабыл түймелер мәселесін шешуді талап етіп, сондай-ақ қала, аудан әкімдеріне балалардың қауіпсіздігін, мектеп маңында жаяу жүргіншілер жолының болуын және білім нысандарының маңайын жарықтандыруды жеке бақылауға алуды тапсырды.

Балалардың қандай жағдайда білім алып жатқанына бақылау жүргізу керек. Мектептерге барып, сыныптар мен дәретханаларына кіріңіздер. Мектептер сіздердікі емес деп айтсаңыздар, ол ғимараттарда кімнің балалары оқиды? – деді қала және аудан әкімдеріне өңір басшысы Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ жиын барысында жоғары оқу орындары мен колледждердің оқу жылына дайындығы талқыланды. Облыста мұғалімдер, IT және техникалық мамандары, ауыл шаруашылығы мен медицина қызметкерлеріне 270 грант бөлінген. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы бөлінген гранттар саны бойынша елімізде екінші орында тұр.

Следующая →