Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Олимпиада-2024: 11-ші жарыс күнінің нәтижесі

ҚР Туризм және спорт министрлігі 6 тамыз күні жарыс жолына шыққан спортшыларымыздың нәтижелерімен бөлісті

Новости спорта / Новости спорта в мире и Казахстане / Олимпиада-2024: 11-ші жарыс күнінің нәтижесі
Фото:
ҚР Туризм және спорт министрлігінен

Әлем көз тіккен байрақты бәсекенің 11-ші жарыс күні қазақ қоржыны қола жүлдемен толықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бокстан Назым Қызайбай (50 кг) жартылай финалда қытайлық Ву Юдан жеңіліп, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев жартылай финалда Әзірбайжан өкілі Санан Сулеймановтан басым түсіп, финалға шықты.

Құзға өрмелеу спорты бойынша Әмір Маймұратов іріктеуден сүрінбей өтіп, ширек финалға жолдама алды. Отандасымыз 4,89 секунд көрсеткішпен Олимпиада рекордын жаңартты.
Байдарка мен каноэде есу: Байдаркада 500 метрге жарыста Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий жұбы өз тобында мәреге бесінші жетті. Уақыт көрсеткіші – 1:38.62 секунд.
Каноэде 500 метрге ескек есуде Мария Бровкова мен Руфина Искакова жұбы өз тобында 5-орын алды. Олардың уақыт көрсеткіші – 2:00.05 секунд.

Каноэде 500 метрге ескек есуде Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы іріктеуде өз тобында мәреге 5-ші жетті. Уақыт көрсеткіші – 1:45.94 секунд.

Жеңіл атлетика: Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгірудің жұбаныш кезеңінде сөреден дұрыс шықпағаны үшін (фальстарт) жарыстан шеттетілді.

Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалында мәреге 9-шы болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 9:08.97 секунд.

Олимпиаданың он бірінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде бар.

Следующая →