Ұлан ауданына жаңа әкім тағайындалды
Бұл қызметті енді бұған дейін Павлодар облысында еңбек еткен Арман Бекбосынов атқарады
Ұлан ауданы мәслихатының депутаттарының келісімімен өңір басшысы Ермек Көшербаев ауданның жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұған дейін Арман Бекбосынов Павлодар облысының қала құрылысы және жер бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Арман Бекбосынов Зайсан ауданының тумасы. Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген, мамандығы бойынша автомобиль жолдарының инженер-құрылысшысы. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорнының пайдалануға беру бөлімінде бірінші санатты инженер ретінде бастады. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінде қызмет атқарды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқамасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай, Глубокое аудандарының әкімі лауазымдарында жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап Павлодар облысының қала құрылысы және жер бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.