ШҚО құтқарушылары терезеге қорғаныс құралдарын орнатты
Өткен сенбі-жексенбі күндері бірнеше қалада төрт бала көпқабатты үй терезелерінен құлап, біреуі көз жұмды
Қауіпсіздік шараларын ескерту мақсатында ШҚО ТЖД құтқарушылары ерекше челленджге қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сенбі күні Астана қаласында бір жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлады. Кейін Семей қаласында да оқыс оқиға орын алып, 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған төрт жасар бала көз жұмды. Жексенбі күні Алматы қаласында алты жасар бала екінші қабат терезесінен құласа, Сәтпаев қаласында да алты жастағы бала төртінші қабат терезесінен құлап кетті.
ШҚО ТЖД ата-аналардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған челленджге қатысты. ТЖ қызметкерлері балалы үйлерге "Za Oknami_Oskemen" фирмасы ұсынған терезелерге арналған арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатты.
Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Біз ұйымдастырған челлендж ата-аналарға балалардығ қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету керектігін алдын ала ойластыруды ескертеді. Біз өз отбасыларымызды және міндетті сақтық шараларын қалай сақтап, тұрғын үйді қалай жабдықтау керектігін көрсеттік, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.