Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
480.55
533.75
¥
67.85
5.36
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі 19-шағын ауданның мәселесі шаш етектен

Облыс әкімінің орынбасары 19-шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі 19-шағын ауданның мәселесі шаш етектен
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Тұрғындар шағын ауданның басты мәселелерін жіпке тізіп көрсеткен соң өңір билігі шешім табуға уәде етті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың тапсырмасымен орынбасары Бақытжан Байахметов 19-шағын ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Жергілікті көппәтерлі үйлердің қасында балабақша мен мектеп жоқ. Электр энергиясымен қамтуда да мәселелер бар. Сонымен қатар, тұрғындар үшін үйге жету де бір мәселе – таулы аймақта бой көтерген бұл ауданға қоғамдық көлік қатынамайды.

Аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың тапсырмасымен жұмыс тобы құрылып, ықшам ауданның мәселелерін тез арада шешу жолдары жоспарлануда. Бүгін жауапты мекеме өкілдері тұрғындармен кездесіп, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметовке өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

Білім басқармасы мектеп пен балабақша мәселесін қарастырып, бүгін ұсыныстарын бермек. Біз әрекеттердің жалпы алгоритмін дайындаймыз. Аумақтарды абаттандыру бойынша «Халық қатысатын бюджет»бағдарламасына қатысады. Электр энергия мәселесін энергетиктер тез арада қарастырады, - деді облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов.

Биыл қыркүйек айына дейін шағын автобустарды жолға қоюды, сонымен қатар жарықтандыруды орнатып, электр қуатын ретке келтіруді жоспарлап отыр.

Следующая →