Сенат депутаттары ШҚО аудандарына барады
Бүгін ШҚО әкімі ҚР Парламентінің Сенат депутаттары Ольга Булавкина және Шәкәрім Бұқтұғұтовпен кездесті
Осы сапар барысында халық қалаулылары Ұлан, Тарбағатай, Самар аудандарына барады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Депутаттармен Риддердегі салынып жатқан көпбейінді аурухана жобасын талқыладық, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын маңызды әлеуметтік жоба ұзақ құрылысқа айналмауы үшін олардың көмегі қажет. Сондай-ақ, жергілікті кәсіпорын жер қойнауын барлауға рұқсат алған Огневка кентіне бару жоспарлануда, - деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.
Кездесу барысында жол құрылысына және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар басқа да мәселелер талқыланды.