Қазақстанда Ұлттық кітап күні белгіленді
Келесі жылдан бастап 23 сәуірде - Ұлттық кітап күні атап өтіледі
Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке "23 сәуір – Ұлттық кітап күні" бекітілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Бұл мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.
Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз, – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.
Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.