Самар ауылының көшелері жарықтандырылуда
Қазір ауылдағы бірнеше көшеге 300 заманауи көше шамы орнатылған
Самар ауданының ауылдарында "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мұндағы мақсат – ауыл инфрақұрылымын дамыту және жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту.
Самар ауылында Абай, Қазақстан, Әлия Молдағұлова, Астана, Ж. Болғанбаев, Жастар, Лоскутов, Горохов, Н. Раисов, П. Фролов, Первомайский, Поплавский, Самарға 100 жыл көшелерінде жалпы ұзындығы 9 км болатын 300 заманауи көше шамдары орнатылды. Қазіргі уакытты "Нарын Строй Сервис" жеке кәсіпкерлігі Лоскутов көшесіне шамдарды орнатып жатыр, - деп хабарлады Самар ауданы әкімдігі.