ШҚО-дағы моноқалаларда 200-ге жуық адам баспанаға мұқтаж
Облыстағы моноқалалардың тұрғындары үшін жеңілдікті ипотекалық бағдарлама ұсынылмақ
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті отырысында сөз болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өңірде жыл соңына дейін тұрғындардың әлеуметтік осал топтары үшін 700-ден астам пәтер сатып алу жоспарлануда.
Құрылыс басқармасы "Отбасы банкі" АҚ бірлесіп, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік саланы қоса алғанда, түрлі қызмет салаларына, сондай-ақ ТЖМ қызметкерлері үшін тұрғын үй саласын дамыту шеңберінде моноқалалардың тұрғындары үшін жеңілдікті ипотекалық бағдарлама ұсынылады.
Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, Риддер, Алтай, Серебрянск, Зайсан және Шемонаиха қалаларында тұрғын үйге мұқтаж адамдардың жалпы саны 196 адамды құрайды. Бұл бағдарлама кезектілікті қысқартуға, түрлі сала мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге, моноқалалардан халықтың кетуін азайтуға мүмкіндік береді, - деді ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау туралы айта келе, облыс әкімі Ермек Көшербаев тұрғын үймен бірінші кезекте жетім балалар мен көпбалалы отбасыларды қамту қажеттігін атап өтті.