"Өскемен-Үрімші"бағытында тікелей рейс ашылуы мүмкін
Биыл Өскемен әуежайында бірнеше жаңа рейстер ашылды
Қазіргі таңда Қытай елімен келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Өскемен Әуежайы"АҚ ақпаратына сүйеніп.
Былтыр, жаңа басшы келе сала бірден жаңа бағыттар ашып, маршруттар жүйесін дамытуға кіріскен еді. Оның ішінде, ішкі рейстер мен халықаралық бағыттар да бар. Жаз айларында "Өскемен-Шымкент"бағытында FlyAristan авиакомпаниясы қызмет көрсететін жаңа рейс ашылып, аптасына 2 реттен ұшуда. Сондай-ақ, көршілес елмен жақындата түскен "Өскемен-Мәскеу"бағытына аптасына 2 рет, "Өскемен-Новосібір"маршрутымен аптасына 3 рет ұшу жүзеге асырылып отыр. 26 мамырдан бастап 6 қыркүйек аралығында жазғы демалыс айларында "Өскемен-Анталия"әуе маршруты ашылып, әр 10 күн сайын демалушыларды ары-бері тасымалдауда, - деп хабарлады "Өскемен Әуежайы"АҚ.
"Өскемен Әуежайы"АҚ Президенті Серік Оразғалиевтің айтуынша, қазір Қытай елімен "Өскемен-Үрімші"бағытында тікелей рейс ашу мәселесі талқылануда. Келіссөздер сәтті өтсе, қытайлық әуе компаниялары бұл бағытқа қызмет көрсетпек.