ШҚО-дағы бірқатар БАҚ өкілдері ҚР Журналистер одағына қабылданды
Журналистер одағының облыстық филиалы шығыстағы БАҚ өкілдерінің басын қосып, мерекемен құттықтады

Мерекелік шараға облыс орталығындағы тілшілермен қатар, аудандардағы журналистер мен редакторлар келді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
28 маусымда БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді. Осыған орай, ҚР Журналистер одағы ШҚО филиалы өңірдегі ақпарат майдангерлерінің басын қосып, облыстық БАҚ саласының дамуына үлес қосып жүрген қаламгерлерді марапаттады. Сонымен қатар, бірқатар тілші ҚР Журналистер одағына қабылданды. Шараға демеушілік еткен - KazMinerals компаниясы.
Журналистер мерекесі мұнымен бітпек емес, ертең БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан аймақтық турнир өтеді. Турнир "Алтай" стадионында сағат 17.00-де басталады, қолдау көрсетемін деушілерге есік ашық.