Күршімдегі "ауыл" мәртебесінен айырылған Бесжылдық қайта түлеп келеді
Бесжылдық ауылында қазір "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 4 үй салынып жатыр
Бұл үйлер ауылдағы көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға беріледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Күршім ауданында "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша 91 шаршы метрді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның төртеуі Бесжылдық ауылында салынуда. Бесжылдықта тұрғындар саны 50-ге жетпегендіктен "ауыл" мәрбесінен айырылып, Сарыөлең ауылдық округіне қосу туралы шешім қабылданды, - деп мәлімдеді Күршім аудандық әкімдігі.
Дегенмен қазіргі таңда дәл осы Бесжылдық ауылы қайта түлеп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, аумақта балалар алаңы салынды, көше бойына жарық тартылып, абаттандырылды. 2023 жылы ауылға тас жол төселген.
2 тұрғын үйдің құрылысын жақын арада аяқталып, тұрғындар "Бір қабатты Шығыстың" шарапатын көрмек. Ал қалған баспаналардың құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда, - деп мәлімдеді жергілікті әкімдіктегілер.