Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жыл басынан бері есірткі жеткізумен айналысқан 19 адам ұсталды

Бүгін Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ШҚО-да акция өтіп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жыл басынан бері есірткі жеткізумен айналысқан 19 адам ұсталды
Фото:
ШҚО ПД

Тәртіп сақшылары облыс орталығында "Есірткіге жол жоқ" деген жазуы бар әуе шарын ұшырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Есірткіге жол жоқ" деген ұранмен 30 метрлік әуе шары таңертең облыс орталығының жағасында 2 сағаттан астам қалықтап, жұмысқа асығып, өзен бойымен серуендеп жүрген қала тұрғындарының назарын аударды.

Сонымен қатар, халық көп жүретін орындарда полиция қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын парақшалар мен жадынамалар таратты.

Жастар интернет желісі арқылы оңай табыс табамын деп, қылмыскерлердің сыбайласына айналып жатады. Яғни, есірткі сатушылар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы жастарды тартып, есірткіні діттеген жерге жеткізу қызметін ұсынады. Ақшаға қызыққан жастар бұл істің қылмыс екенін, ол үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескермей жатады, - дейді ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.

Жыл басынан бері облыстағы құқық қорғау органдары 19 есірткі қойып кетушісін ұстады, оның сегізі 25 жасқа дейінгі жастар. 

Сондай-ақ, ШҚО полициясы 60 келіден астам есірткі затын тәркіледі. Сонымен қатар, өткен айда есірткі жасайтын ірі зертхана анықталып, жойылды. Онда шамамен 100 килограмм синтетикалық есірткі өндіруге жететін шикізат тәркіленген.

Следующая →