Қазақстанда алдағы күндер +43ºС-қа дейін ыстық болады
Орталықта, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста сынап бағанасы +36+43 градусқа дейін көтеріледі
"Қазгидромет" маусым айының соңғы күндері мен шілде айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Маусым айының соңғы онкүндігінде Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында жаңбыр жауады. Кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі.
Синоптиктердің болжауынша, елдің батысында ауа температурасы +18+25 градус аралығында болады. Солтүстікте ауа температурасының 33+38, орталықта, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +36+43 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі.
Шілдеде айында елдің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ болжануда. Еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарында найзағайлы жаңбыр жекелеген күндері күтіледі. Ыстық күндер салқын күндермен ауысады. Негізгі температуралық фон батыста және оңтүстік аймақтарда +30+38 ыстық болады, кейбір күндері термометр бағаны 40-45 градусқа жетеді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында температура +25+38 градус шегінде болжанады, – деді "Қазгидромет" РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров.