Ұлан ауданында лизенциясы жоқ алтын іздеушілер анықталды
Бағалы металдарды іздеушілер жайылымдық жерлерді заңсыз қазып кеткен
Бұл туралы Шқо прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ұлан ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында бағалы металдарды іздеу үшін тиісті лицензиясыз жер қазумен айналысқан заңсыз кеншілердің екі тобы анықталды, - деп хабарлады ШҚО прокуратурасы. - Олар 4 металл іздегішті пайдаланған, құралдар тәркіленді. Сонымен қатар, жайылымдық жерлерде арнайы техниканы пайдаланып жер қойнауын заңсыз қазу салдарынан қоршаған ортаға зиян келтіру фактісі анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін полицияға жіберілді. Бұл ретте полицейлер жайылымдық жерлерді пайдалану кезінде зардап шеккендерді анықтау шараларын жүргізуде.