Өскемен
облачно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +23°
$
477.13
-0.49
525.85
-1.82
¥
67
-0.16
5.24
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

AIBYN-2024 халықаралық жиынында ШҚО командасы жақсы нәтиже көрсетті

Халықаралық әскери-патриоттық жиынында Шығы Қазақстан облысының намысын қорғаған "Сұңкар" командасы "Айбын Жұлдызы" номинациясына ие болды

Усть-Каменогорск и ВКО / AIBYN-2024 халықаралық жиынында ШҚО командасы жақсы нәтиже көрсетті
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Жарыс16-22 маусым аралығында Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтының "ӘЛИ" оқу-жаттығу базасында халықаралық деңгейде өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына орайластырылған "Айбын - 2024" халықаралық әскери-патриоттық жиынына Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғыстан, Ресей, Белорусия және Қазақстан елдерінен 45 жас әскери патриоттық командалар қатысты.

Бірнеше күнге созылған ауқымды әрі маңызды жарыста Шығыс Қазақстан облысын таныстырған "Сұңкар" командасы жалпы командалық есеп бойынша 13-орынға жайғасты.

WhatsApp Image 2024-06-25 at 10.59.56 (1).jpeg

AIBYN-2024 халықаралық әскери-патриоттық жиын барысында жас сарбаздар сан қилы тапсырмалармен сыналды. Нәтижесінде шығысқазақстандық "Сұңкар" командасы "Айбын Жұлдызы" номинациясына ие болды, ал команда мүшесі Аружан Матоктанова "Үздік жас сарбаз - жас тілшісі" номинациясында гран-приге ие болды.

WhatsApp Image 2024-06-25 at 10.59.57.jpeg

Следующая →