Жаңа Согра, Радужный, Солнечное кенттерінде ыстық су болмайды
Жөндеу жүргізу үшін "Согра ЖЭО" ЖШС станциясының жұмысы тоқтайды
![Усть-Каменогорск и ВКО / Жаңа Согра, Радужный, Солнечное кенттерінде ыстық су болмайды Усть-Каменогорск и ВКО / Жаңа Согра, Радужный, Солнечное кенттерінде ыстық су болмайды](/upload/iblock/8a2/mlpe1zztbs10dyac0xm808ahsp6g98o4/imgonline_com_ua_Resize_hGWY7ijAC85Pm6T.jpg)
Фото:
pixabay.com
"Өскемен жылу жүйелері" АҚ ақпараты бойынша, станция жұмысы тоқтайтындықтан Жаңа Согра, Радужный, Солнечное кенттерінде ыстық су болмайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл кенттерде ыстық су бүгін сағат 09.00-ден бастап тоқтатылды. 3 шілде сағат 17.00-ге дейін ыстық су болмайды.
Жоспарлы ыстық су өшірулері туралы хабарды Play Маркет пен App Store арқылы ұялы қосымшаны жүктеп алып; кәсіпорынның ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинеттен; ukteplo.kz сайтының басты бетінен көруге болады.