Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +31°
  • Астана
    +29°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +30°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +28°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +33°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +34°
$
463.77
-3.52
495.49
-5.54
¥
63.82
-0.52
5.31
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағайлық палуан туралы кітап жарық көрді

Қылаң Бақыжанов - қазақша күрестен тұңғыш спорт шебері

Усть-Каменогорск и ВКО / Катонқарағайлық палуан туралы кітап жарық көрді
Фото:
ШҚО А.С. Пушкин ат.кітапхана

Облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханасында "Қазақ күресінің саңлағы" кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Кітап Катонқарағай өңірінің тумасы, 50-60 жылдары есімі елге кеңінен танылған, Қазақ КСР-ның 7 дүркін және Орта Азия мен Қазақстанның 2 дүркін чемпионы, Ұлттық қазақша күрес түрінен тұңғыш "Қазақ КСР-нің спорт шебері" атағын алған, үздік төреші, тау мінезді, нар тұлғалы қазақ палуаны, жерлесіміз Қылаң Бақыжановтың спорт және еңбек жолын баяндайды.

Кітапты құрастырып,оқырман назарына ұсынып отырған Катонқарағай өлкесінің тумасы, жерлес жазушымыз Талғат Қашқынбаев. Мамандығы құрылыс саласына қатысты болса да, әртүрлі тақырыптарға өлеңдер, шағын әңгімелер ұсынып жүрген Талғат Саккоұлы "Өмір жайлы ойлар", "Тұнық бастаулар" кітаптарының да авторы.

Ал осы жолы қалың оқырманға жол тартып отырған аталмыш кітап қазақтың біртуар тұлғасының көшілік біле бермейтін тұстарын кеңірек баяндайды. Облысымыздың бас кітапханасында өткен тұсаукесерге палуанның алыс-жақыннан келген туыс-туғандары, оның бозкілемдегі ерліктері мен адами қасиеттері жайлы өте тамаша естеліктерді айта отырып, кітаптың авторына да алғыстарын білдірді.

Следующая →