Жаңа Согра, Радужный, Солнечное кенттерінде ыстық су болмайды
Жөндеу жүргізу үшін "Согра ЖЭО" ЖШС станциясының жұмысы тоқтайды
Фото:
pixabay.com
"Өскемен жылу жүйелері" АҚ ақпараты бойынша, станция жұмысы тоқтайтындықтан Жаңа Согра, Радужный, Солнечное кенттерінде ыстық су болмайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл кенттерде ыстық су бүгін сағат 09.00-ден бастап тоқтатылды. 3 шілде сағат 17.00-ге дейін ыстық су болмайды.
Жоспарлы ыстық су өшірулері туралы хабарды Play Маркет пен App Store арқылы ұялы қосымшаны жүктеп алып; кәсіпорынның ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинеттен; ukteplo.kz сайтының басты бетінен көруге болады.