Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан, Катонқарағай және Риддер маңында сел жүру қаупі жоғары

Облыстың тауларында барлығы 13 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мореналық көл қалыптасады

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан, Катонқарағай және Риддер маңында сел жүру қаупі жоғары
Фото:
ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстанда мореналық көлдерге аэровизуалды зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Қазселденқорғау" мамандары Бұқтырма, Берел өзендері бассейдерін, Сарымсақты өзені бассейнін тікұшақпен барлап өтті.

Жыл сайын қауіпсіздік мақсатында сел қаупі жағдайын бақылау үшін көл бетіндегі мұз сөгілгенге дейін мамандар бақылау жүргізеді. Әуеден барлау барысында  мореналарының көпшілігі қысқы қармен жабылған, биіктігі 0,5-тен 1,5 метрге дейін екені анықталды. Мұздықтардың қарқынды еру белгілері анықталған жоқ. Ауа температурасы көтерілген кезде өзендердегі су деңгейі едәуір артуы мүмкін, - деп атап өтті "Қазселденқорғау" ШҚО филиалының басшысы Советбек Станбеков.

Шығыс Қазақстан облысының тауларында барлығы 13 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мореналық көл қалыптасады. Ең көп мореналық көлдер Зайсан, Катонқарағай аудандарында және Риддер қаласында. Бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы жағдай тұрақты.

Следующая →