Өскеменде қараусыз қалған бала терезеден құлап кетті
Өскемен қаласында Серікбаев көшесіндегі пәтердің бесінші қабатының терезесінен екі жасар бала құлап кетті
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен
Сәби қазір медициналық мекемеге жатқызылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
Белгілі болғандай, оның анасы үйде болған және қас қағым сәтте баласының терезеге қалай шығып, терезенің москит торына сүйеніп құлап кеткенін байқамай қалған. Қазіргі уақытта бала медициналық мекемеге жатқызылды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.