Өскемен
облачно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +4°
  • Шымкент
    +2°
$
495.95
524.37
¥
68.62
4.98
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Көлікті қайта тіркеу процесі жеңілдеді

Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Көлікті қайта тіркеу процесі жеңілдеді
Фото:
"Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ

Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR-код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Айта кету керек, бұл қызмет "Азаматтарға арналған үкіметке" тиесілі. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін және көлік құралдарын тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында енгізілді. Енді Мемлекеттік корпорацияның, ҚР ІІМ және "ҰАТ" АҚ ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуының нәтижесінде автокөлікті қайта ресімдеу процесі ашық болады. Мәмілені тіркеу кезінде жалған қол қою мүмкін емес.

Қызмет алушылар жүгінген кезде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының операторы сатушы мен сатып алушы туралы, сондай-ақ көлік құралы жайлы мәліметтерді жүйеге енгізеді. Осыдан кейін жүйе автоматты түрде мәміленің электрондық жазбаша нысанын қалыптастырады және экранға QR код шығарылады. Оны сканерлегеннен кейін, автокөлікті сатушы және сатып алушы тараптар құжатпен танысып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады, - деп мәлімдеді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ.

Сондай-ақ, ұйымның мүдделерін білдіруге сенімхаты және ЭЦҚ пайдалану құқығы бар заңды тұлғалардың өкілдері үшін де бұл процестің аналогы eGov business қосымшасы арқылы қолжетімді.

Осы тұста, көлік құралдарын қайта рәсімдеу кезінде мәміленің қағаз түріндегі жазбаша нысанын қабылдау ағымдағы жылдың 23 сәуірінде ҚР ІІМ көлік құралдарын тіркеу және есепке алу Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендіктен жойылғанын естеріңізге сала кетейік.


Следующая →