Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ахмер ауылына емхана салынады

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен қалалық әкімдіктің бөлім басшылары Ахмер ауылының тұрғындарымен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Ахмер ауылына емхана салынады
Фото:
Устинка LIVE

Қалада соңғы екі жылда "Шағын аудандарды дамыту" бағдарламасы қолға алынған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл бағдарлама аясында шаһар басшылығы әр масуым сайын халықпен кездесуді дәстүрге айналдырған. Сол кездесулер барысында халық қандай мәселе көтереді, соны жоспарға енгізіп, қаржы-қаражат қарастырып, іске асырады.

Бұл жолы Ахмер ауылының тұрғындарымен кездесу кезінде атқарылған шаруалар туралы есеп бере отырып, тұрғындардың пікірін тыңдады, болашақта шешілуі тиіс мәселелер анықталы.

Басқа аудандардағыдай 3 мыңға жуық тұрғыны бар Ахмерде де бас ауыртып, балтыр сыздатар мәселелер қатарында – жол жөндеу, жарықтандыру, үздіксіз электр қуатымен қамту, жолаушылар тасымалы және балабақша салу. Сондай-ақ, саяжай учаскелерінің тұрғындары да өз қордаланып қалған бірқатар маңызды мәселелерін ортаға салды.

Соңғы бес жылда Ахмер ауылында мың орындық жаңа мектеп салынды, жеті көшеге асфальт төселіп, жарықтандыру жүргізілді және тротуарлар салынды, - деп атап өтті Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Қазір ауыл-аймақтан көшіп келген ағайын қарасы көп, көп үйлер салынып жатыр. Сондықтан да бұл үйлерді үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүріп жатыр, бюджеттен 1 млрд 800 млн теңге бөлінген болатын.

Халық саны жыл санап артып келе жатқан шағын ауданға өз емханасы мен балабақша қажет. Қазір мұндағы тұрғындар Меновное ауылындағы поликлиникаға қаралады.

Қазір емхана құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып, мемлекеттік сараптамасы шықты. Жоба құны 700 миллион теңге. Облыстық денсаулық сақтау, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары осы мәселені қарап, бекіткен соң құрылыс компаниялары арасында конкурс жарияланып, мердігер компания анықталатын болады. Емхана салынатын орын белгіленіп қойды. Күніне 50-70 адамды қабылдайтын емхананың құрылыс жұмыстары мүмкіндік болса күзде немесе алдағы жылы басталады, - деді қала әкімі.

Білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзованың айтуынша, Ахмер ауылындағы 4 балабақшада 300-ге жуық бала бар. 170 баланы ата-аналары қалаға және басқа шағын аудандарға апарып жүр.

Қазір мемлекеттік балабақшадан біртіндеп бас тартып келеміз. Үкімет балабақша ашқысы келетін кәсіпкерге бір балаға айына 54000 мың теңге төлейді. Биыл қалада 1000 баланы қамтамасыз ету үшін балабақшалар ашылады. Өкінішке қарай, Ахмерге балабақша салғысы келетін кәсіпкерлер табылмай тұр. Өйткені оларға дайын ғимарат керек, ал мұнда мемлекеттік дайын тұрған ғимарат жоқ. Сондықтан да Ахмер ауылында бұл мәселе кешеуілдеп тұр, - деді шаһар басшысы.

Следующая →