Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы 120 бала "қонақжай отбасыларға" аттанды

Катонқарағай, Глубокое аудандарында және Риддер қаласындағы 50 отбасы балаларды құшақ жая қарсы алды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы 120 бала "қонақжай отбасыларға" аттанды
Фото:
ШҚО білім басқармасынан

Мемлекеттік тілді тілдік ортада оқытуға бағытталған еліміздегі бірегей жоба – "Қонақжай отбасы" биыл да облыста жалғасын тауып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Былтыр жазда алғаш рет балалар Катонқарағай ауданындағы қонақжай отбасыларға барып, жоба өзінің тиімділігін көрсетті.

Өңір тұрғындарының қолдауына ие болған жобаның жағрафиясы кеңейіп, тағы бірқатар аудандарда жүзеге асырылмақ. Осы жылы Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое, Шемонаиха және Алтай ауданынан келген жүзден астам бала Катонқарағайдың ауылдарында тұрып, қазақ тілін меңгереді. Сондай-ақ Зайсан және Тарбағатай аудандарынан келген 20 бала Глубокое ауданы мен Риддер қаласындағы отбасыларға барып, орыс тілін жетілдіреді. 

Жоба балаларды қазақ тілін әдеттен тыс, бірақ тиімді форматта оқытуды көздейді, яғни оқушылар қазақшаны тілдік ортада жүріп меңгереді. Сонымен қатар, балалар өлке тарихымен, қазақтың салт-дәстүрімен танысып, киелі жерлерді, тарихи ескерткіштерді аралайды.

Катонқарағай ауданының Белқарағай, Жамбыл, Берел, Өрел ауылдарында 100 бала; Тарбағатай және Зайсан аудандарының 20 қандас балаларын орыс тілдік ортаға бейімдеу үшін Глубокое ауданы мен Риддер қаласында орналасады. Жобаны іске асыруға осы елді мекендерде тұратын педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері тартылады, - деп мәлімдеді ШҚО білім басқармасы. - Тілдік ортаға ене отырып, тілді практикалық түрде үйрену мақсатында "Қонақжай отбасы" жобасына 12 жастан 14 жасқа дейінгі қазақ және орыс тілдерінде оқитын оқушылар үшін 15 күнге арналған бағдарлама әзірленді. Бағдарламада туған өлкенің дәстүрлерін, мәдениеті мен мұрасын зерделеу (экскурсиялар, кітап оқу, фильмдер көру және аудандағы киелі орындарға бару және т.б.) көзделген.

Следующая →