Өскемен
ясно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +29°
  • Көкшетау
    +27°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +29°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +31°
$
464.72
496.32
¥
64
5.4
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыстың жас сарбаздары халықаралық жарысқа аттанды

"SHYGYS AIBYN-2024" облыстық әскери-патриоттық жарысында жеңіске жеткен "Сұңқар" командасы "AIBYN-2024" X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына аттанды

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыстың жас сарбаздары халықаралық жарысқа аттанды
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған "SHYGYS AIBYN-2024" облыстық әскери-патриоттық жастар жиынында облыстың қалалары мен аудандарынан келген 10 команданың арасынан Алтай ауданының «Сұңқар» командасы топ жарған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.  

Облыстың намысын қорғайтын болашақ жас сарбаздарды Қарулы Күштердің өкілдері сәт сапар тілеп, шығарып салды. 

"AIBYN-2024" халықаралық әскери-патриоттық жиыны өте ауқымды әрі маңызды шара. Бұл жиын жастар бойындағы отансүйгіштікті, жауапкершілікті және күш-жігерін жанып, рухын көтеруге септігін тигізеді. "Сұңқар" командасы халықаралық жарысқа осымен үшінші рет қатысып отыр. Сондықтан команданың барлық қатысушылары жиыннан жарқын әсер алып, жаңа тәжірибелер жинақтап қана қоймай, осы уақытқа дейін үйреніп, білгендерін лайықты деңгейде көрсете алады деп сенеміз, - деді Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы подполковник Арман Қожамқұлов.

"Сұңқар" командасы облыстық "AIBYN" жарысында 2022 және 2023 жылдары жеңіске жетіп,  халықаралық "AIBYN" жарысына екі рет жолдама алған белсенді команда. 

Бұл жолы да команда "AIBYN-2024" облыстық жарыстан жеңімпаз атанғаннан кейін, бірден халықаралық жарысқа дайындықтарын бастап кетті. Жас сарбаздар дене шынықтыру, тактикалық және ату жаттығулары, теориялық, психологиялық, алғашқы медициналық көмек және негізгі медициналық дағдыларды үйрету бағыттары бойынша дайындалып, білімдері мен тәжірибелерін, біліктіліктерін шыңдады. 

Биыл "AIBYN-2024" халықаралық әскери-патриоттық жиыны Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының «Әли» оқу орталығында 16-24 маусым аралығында өтеді.

Следующая →