Өскемен
ясно
+28°
  • Өскемен
    +28°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +29°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +29°
$
465.28
+0.56
499.2
+2.88
¥
64.1
+0.10
5.33
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да Әкелер күніне арналған форум өтті

Маусымның үшінші жексенбісі - Әкелер күні

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да Әкелер күніне арналған форум өтті
Фото:
Устинка LIVE/В. Иванов

Былтырдан бастап елімізде Әкелер күні ұлттық деңгейде тойлана бастады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әкелер күніне орай бүгін С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде "Әкелер форумы" өтті. Әкелер форумын өткізудегі мақсат - әкенің отбасы мен бала өміріндегі рөлінің маңыздылығына қоғамның назарын аудару.

Форумға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Тарасенко Елена Ивановна, QUNDYLYQ.KZ бас директоры Самат Смаков, "Білім-инновация" халықаралық қоғамдық қорының қоғамдық байланыстар жөніндегі вице-президенті Арофат Нұрлақов арнайы келді.

Астанадан ШҚО-да өтіп жатқан Әкелер форумын қолдау мақсатында келдік. Мұнда бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңызы туралы сөз болмақ. Бала тәрбиесі тек ананың міндеті емес, әкеге де үлкен жауапкершілік жүктейді. Тарихқа бойласақ, бала тәрбиесінде әкенің рөлі маңызды. Уақыт өте келе, бәлкім нарықтық экономика әсеріне байланысты немесе басқа да факторларға байланысты, әкелер бала тәрбиесінен қалыс қалып жатыр. Отбасының асыраушысы болып отырған әкелер бүгінде бала тәрбиесін толықтай ананың, қала берді балабақша мен мектепке тапсырып тастаған. Бүгінгі форумнан шыққан әр ер адам өзінің бала өміріндегі маңызын терең түсініп, өзіне ой қорытады деп сенемін, - дейді  "Білім-инновация" халықаралық қоғамдық қорының қоғамдық байланыстар жөніндегі вице-президенті Арофат Нұрлақов.

Айта кетейік, әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту үшін аталып өтетін "Аналар күні" және "Әкелер күні" мерекелері елімізде де ресми мереке ретінде белгіленді. Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі, әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі. Бұл атаулы күндер еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал етері сөзсіз.

Статистикалық мәліметтерге зер салсақ, Қазақстанда мектеп жасына толмаған балалардың күтімі мен тәрбиесіне әкелердің тек 6,6% ғана қатысады екен.

Бүгінгі таңда әкенің бала тәрбиесіндегі және отбасындағы рөлі қандай? Дәл қазіргі уақытта бұл сұраққа әрбір ата-ана жауап іздеуі керек деп ойлаймын және жауап табуға тырысуы керек. Мен ата-ананың мектеппен байланысы баланың білімі мен тәрбиесіне қаншалықты әсер ететінін зерттедім. Бұл тақырыптан түйгенім - әрбір әке үнемі мектеппен байланыста болса, баланың оқу үлгеріміне соншалықты әсер етеді екен. Бұл халықаралық зерттеу нәтижелерінің шығарған қортындысы. Мысалы, ата-анасы мектеппен тұрақты байланыс жасайтын балалардың матаметика пәні мен әдебиет пәнінен үлгерімі жақсы болады екен. Бүгінгі таңда көзге көріне бермейтін осындай құндылықтарға назар аударамыз керек, - дейді "Білім-инновация" халықаралық қоғамдық қорының тәрбие бөлімінің басшысы Самат Халықұлы.

Форум аясында отбасылық құндылықтарды сақтаған, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, балалардың зияткерлік және шығармашылық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін үздік әкелер де марапатталды. Олардың арасында мемлекеттік қызметкер, автобус жүргізушісі, спорт жаттықтырушы, құрылысшы сынды түрлі сала мамандары бар.

Үш қызым бар. Қазақ "Тәрбие – тал бесіктен" дейді, өзім бала тәрбиесінде – шыншылдық, еңбекқорлық және тәртіпті талап етемін. Әкелік мейірім мен қаталдықты қатар ұстап, дұрыс тәрбие беруге атсалысудамын. Қыздарым ақылды, салауатты өмір салтын ұстанып, спорт пен мәдени-әлеуметтік салаларда да белсенді атсалысып келеді. Екінші қызым еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер, өзі осы саланы таңдады. Қыздарымның әрқайсысының таңдау еркі өздерінде. Біз ата-анасы ретінде тек қолдау білдіріп, ақылымызды айтып, жағдайын жасап отырамыз, - дейді Шемонаиха ауданының тұрғыны Жасұлан Саясатқанұлы.

Следующая →