Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде туристерге арналған ақпараттық орталық ашылды

Шығыс Қазақстан облысының туристiк, мәдени-тарихи, әлеуметтiк-экономикалық қорлары туралы ақпарат осы орталықта жинақталған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде туристерге арналған ақпараттық орталық ашылды
Фото:
Устинка LIVE

Орталық қызметкерлері басқа қала немесе елден келгендерге өңірдің үздік туристiк бағыттары туралы мәлiмет беріп, жөн сілтейді. Мұнда қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiн жетік меңгерген, облыстың туристiк әлеуеті туралы кәсіби деңейде жауап бере алатын мамандар жұмыс iстейдi, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өңірде ең алғаш мұндай ақпараттық орталық былтыр Катонқарай ауданының орталығы - Үлкен Нарын ауылында ашылған болатын. Енді ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасы бойынша облыс орталығында да ашылып отыр.

Орталыққа келген әр турист өңірдің саяхаттауға, демалуға арналған орындары тура ақпарат ала алады. Біз туристік операторлар, демалыс орындары, қонақ үйлермен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Келушілерге таңдау жасауға көмектесіп, бағыт-бағдар береміз, - деді ШҚО туристік ақпараттық орталығы директорының орынбасары Талғат Оразгелдіұлы. - Солжағалау кешені – Орталық Азиядағы ең ірі әрі бірегей кешен болып табылады. Сондықтан да облысқа басқа өңірлерден немесе шет елден келген қонақтар міндетті түрде бұл кешенді көруге асығады. Сол үшін де орталық ғимараты кешенге кіре берісте, көзге көрініп тұратын аумақта орналасты. Тіпті бұл орталықтан тек басқа жақтан келген қонақтар емес, өз жерлестеріміз де өздеріне қажетті ақпаратты таба алады деп ойлаймыз. Себебі шығыстың түкпір-түкпірінде болып көрмегендер баршылық.

Визит-орталығына кіре берісте үш тілде ақпарат беретін мамандар қарсы алады. Мұнда коворкинг және демалыс орындары да бар. Сондай-ақ, шығыста өндірілетін өнімдері мен жергілікті қолөнер шеберлерінің кәдесыйларын да сатып алуға болады.

Бұл туристік орталықты ашу үшін жүйелі жұмыстар былтырдан басталған болатын. Орталық қызметкерлері әр қонақтың қалтасына қарай қайда барып демалуға, қайда барып ем алуға болатынын таңдап береді. Осы жерден өзіңізге керекті демалыс базалары мен қонақ үйлерінен орынға алдын ала тапсырыс беруге болады. Барлық туристік орталық, санаторий, қонақ үйлермен байланыс орнатылған. Туристер демалыс орындарының қызмет көрсету сапасы бойынша өтініш, талап-тілек, шағымдарын да осы орталыққа келіп білдіре алады, қызметкерлер әрі қарай қалай әрекет ету керектігіне жөн сілтейді, - деді ШҚО облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов.

Орталықтың жұмыс уақыты әзірге таңнан кешке дейін. Егер қажеттілік болса, тәулік бойы жұмыс істемек. Осы орайда айта кетейік, өңірге келушілер үшін демалыс орындары туралы ақпарат, байланыс нөмірлері жазылған парақшалар мен бейнероликтер әуежай мен вокзалдарда, шекаралық постарда, әр қонақ үйде ұсынылатын болады.

Осындай туристік-ақпараттық орталықтың кез келген облыс, қалада болғаны дұрыс. Себебі басқа жақтан қыдырып келген адам жергілікті жердің бетке ұстар орындары мен демалыс аймақтары туралы ақпарат ала алуы керек. Мәселен, біз Астана қаласынан «Мың бала» экспедициялық жобасымен шығысқа келдік. Астанадан шыққалы Абай облысында болып, аралап шықтық. Енді, міне, Шығыс Қазақстан облысына ат басын тіредік. Ертең Риддер қаласына, одан ары Катонқарағай ауданына саяхат жасамақпыз. Осы орталық арқылы барар жерімізге жеткізер бағыт туралы ақпарат алдық, - дейді журналист-редактор Шынар Бегенбекова.

Былтыр шығысқа шет елдерден 18,3 мың турист келген, жалпы сомасы 6 млрд теңгеге жуық қызмет көрсетілген. Болашақта "Майқапшағай" кеден бекеті арқылы Қытайдан 1 миллионға жуық турист келуі керек деп күтілуде.

Следующая →