Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кәмелетке толмағандарға жұмыс істеуге бола ма?

Оқушылар мен колледж студенттерінің арасында жазғы демалыста жұмыс істеп, нәпақа тапқысы келетіндер бар

Усть-Каменогорск и ВКО / Кәмелетке толмағандарға жұмыс істеуге бола ма?
Фото:
pixabay.com

Бала 14 жастан бастап ата-анасының рұқсатымен оқудан бос уақытында физикалық, адамгершілік және психикалық жай-күйіне зиян келтірмейтін денсаулық жағдайы мен дамуына сәйкес оларға қолжетімді қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқылы, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасының арнайы нормалары бар. ҚР Еңбек кодексінде кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау, олардың еңбегіне ақы төлеу және өзге де ерекшеліктері қарастырылған.

ҚР Кодексіне сәйкес жұмыс беруші 16 жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуы керек, - деп хабарлайды ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы. - Бұдан басқа, еңбек шарты 15 жасқа толған азаматтармен, олардың орта білім, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымында білім алған жағдайда, 14 жасқа толған оқушылармен оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, кәмелетке толмағандармен бірге Еңбек шартына оның ата-анасының бірі, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс.

Кодекстің 26-бабына сәйкес 18 жасқа толмаған азаматтармен ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін, сондай-ақ орындалуы жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық материалдық жауаптылығын көздейтін лауазымдар мен жұмыстарға және олардың денсаулығы мен адамгершілік дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға еңбек шартын жасасуға жол берілмейді (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарында жұмыс істеу, алкоголь өнімдерін өндіру, тасымалдау және сату, темекі өнімдерімен, есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен).

Кодекспен (69-бап) 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс уақыты белгіленеді:

  • 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан артық емес;
  • 16 жастан 18 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан артық емес.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында балалар еңбегін пайдалануға белгілі бір шектеулер бар, атап айтқанда 18 жасқа толмаған жұмыскерлерді жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдана отырып жұмысқа, түнгі уақытта жұмысқа, үстеме жұмысқа, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тартуға жол берілмейді. Бұдан басқа, 18 жасқа толмаған қызметкерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан қайтарып алуға жол берілмейді, - деп ескертеді ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы.

Қазіргі уақытта "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісіне байланысты, кәмелетке толмағанды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген (86-бап 3-бап):

  • лауазымды тұлғалар - 50 АЕК
  • шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар 80 АЕК
  • орта кәсіпкерлік субъектілері-150 АЕК
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері - 200 АЕК.

Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік):

  • лауазымды тұлғалар-70 АЕК
  • шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар 150 АЕК
  • орта кәсіпкерлік субъектілері-200 АЕК
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері - 300 АЕК.

ҚР Қылмыстық кодексі, жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның 18 жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстарға кәмелетке толмағандарды тарту бөлігінде еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді (ҚР ҚК 153-бабы).

ҚР ҚК-ның осы бабына сәйкес жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның 18 жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстарға кәмелетке толмағандарды тарту бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзуы – 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не 3 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, - деп ескертті ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы. - Дәл сол әрекет алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы; бірнеше рет; екі немесе одан да көп адамға қатысты; алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы; кінәлі адам үшін алдын ала белгілі болған, психикалық бұзылудан зардап шегетін немесе дәрменсіз күйдегі кәмелетке толмаған адамға қатысты болса, 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе 3 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға құқылы.


Следующая →