Өскемен
малооблачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +29°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +32°
$
452.92
+2.13
484.99
+2.78
¥
62.42
+0.28
5.12
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Құрбандықты онлайн шалуға болады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайтын іске қосты

Новости Казахстана / Құрбандықты онлайн шалуға болады
Фото:
Устинка LIVE

Бұл сайттан құрбандық малын таңдап, ақысын төлейсіз, құрбандық шалынғаны туралы есеп телефоныңызға келеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бүгін сайт қызметін Төралқа мәжілісінде ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікханұлы таныстырды.

Мұсылман қауымының қасиетті айт мерекесіне орай барша қазақ елін Құрбан айт күні жүзеге асатын қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз. Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл да құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады, - деп хабарлады ҚМДБ.

Айта кетсек, онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.


Сайтқа сілтеме: https://www.qurban2024.kz/


Следующая →