Өскемен
облачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +31°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +23°
  • Шымкент
    +27°
$
476.27
515.47
¥
65.55
5.41
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Билікті басып алмақ болған ШҚО-ның екі тұрғыны сотталды

Олар Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу үшін референдум өткізу керектігін алға тартқан

Усть-Каменогорск и ВКО / Билікті басып алмақ болған ШҚО-ның екі тұрғыны сотталды
Фото:
pexels.com

Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдар мен үгіт-насихаттары үшін сотталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тергеу барысында екі тұрғынның 2024 жылдың ақпан айында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттігі туралы сенімдері мен идеяларын білдіргені белгілі болды, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы. - Референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттады. Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді. Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Заңды күшіне енген сот үкімімен жоғарыда аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мәселелері құқық қорғау және арнайы органдардың ерекше бақылауында.


Следующая →