Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде қызды судан құтқарған Ұлттық ұланның қызметкері болып шықты

Кеше Өскемен қаласында бойжеткен Үлбі өзеніне құлап кеткен болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде қызды судан құтқарған Ұлттық ұланның қызметкері болып шықты
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Оны сол сәтте маңайда болған екі ер адам құтқарып қалған еді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдегендей, құтқарушылардың бірі №6699 әскери бөлімінің жауынгері Жанасбек Пермабек болып шықты. Өскемен қаласында еңбек демалысында жүрген ол жолдасы Даурен Тоқтағановпен бірге Үлбі өзенінің жағасындағы Протазанов көшесі бойында келе жатып, өзеннің арғы бетінде тал қармап, айғайлап көмек сұраған бойжеткенді көреді. Іле-шала көлікке отырған екеуі Үлбінің арғы бетіне жедел жетіп, суға батып бара жатқан бойжеткені құтқарып қалды.

Бойжеткен өзенге құлап жатқан талдың бұтағынан ұсталып әрең тұр екен. Мен талдың бойымен жағалап жүзіп, қыздың білегінен ұстап, жағаға қарай сүйредім. Ол жердің ағысы өте қатты болғандықтан, өзенге сұлаған тал ағашы екеуіміздің салмағымызды көтермес деген қорқыныш болды. Дегенмен, бәрі сәтті аяқталды, - дейді №6699 әскери бөлімінің ефрейторы Жанасбек Пермабек.

Жанасбек Ұлттық ұланда 2011 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Әскери қызметкер "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы бұйрығымен марапатталатын болады.

Следующая →