ШҚО-да су айдындарында қауіпсіздік сақтамағандар жауапқа тартылды
Өңірде күн ысып кеткендіктен су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алын алу мақсатында рейдтер күшейтілді
ШҚО ТЖД құтқарушылары, ШҚО бойынша полиция және көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері жаппай демалу орындарын аралап, қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мамандар Бұқтырма су қоймасы жағалауында рейдтер жүргізу барысында бірнеше заңбұзушылықты анықтады.
Көбі жүзу құралдары мен катамаранға отырғанда құтқару кеудешелерін кимейді, су айдынында белгіленген шекарадан асып кетіп жатады, тіпті жабдықталмаған орындарда суға түсіп, қауіпсіздік ережелерін бұзып жатады, - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Шомылу кезеңі басталғаннан бері ШҚО ТЖД барлығы 713 рейд жүргізген. Уақтылы профилактиканың арқасында 11 бұзушы ӘҚБтК-ның 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның ішінде бір адам шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзған (ҚР ӘҚБтК-нің 582-бабы).