Өскеменде пияз бағасы 80 теңгеге түсті
10 маусымнан бастап "Ертіс" ӘКК" АҚ баға тұрақтандыру бағдарламасы аясында пияз бағасының 1 келісі 80 теңгеге дейін арзандады
Жеткізуші тарап пен корпорация мамандары жүргізген өзара келсіссөздер нәтижесінде пияз бағасы арзандады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімі ақпаратына сүйеніп.
Айта кету керек, қазір корпорацияның 23 сауда павильонына "Алтай" көтерме-тарату орталығы корпорация тарапынан контрктіленіп қойған қордан пияз жеткізуде.
Мамандардың айтуынша, әдетте, нарыққа мезгілден ерте жаңа піскен балғын пияз түскенде баға көтерілетіні бар. Өйткені ерте пісетін өнімдерді өсіруге кететін шығын да көп. Алайда бағдарлама өз функциясын атқарып отырғандықтан, пияз бағасының 80 теңгеге арзандауы бағы тұрақтылығын ұстап тұруға сеп болмақ, - деп хабарлады Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімі.
Әлеуметтік маңызды деп танылатын барлық азық-түлік өнімдерінің бағаларымен және сауда нүктелерінің мекенжайларын www.spkertis.kz “баға тұрақтандыру бағдарламасы” бөлімінен алуға болады.