Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кәмелетке толмағандар көбінесе қандай қылмыстарға барады?

Бүгін кәмелеттік жасқа томағандар ісі жөніндегі инспекторлардың кәсіби мерекесі

Усть-Каменогорск и ВКО / Кәмелетке толмағандар көбінесе қандай қылмыстарға барады?
Фото:
Өскемен қалалық ПБ

10 маусым - кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, жасөспірімдердің құқығы мен бостандығын қорғау жолында қызмет ететін ювеналды полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

1977 жылдың ақпанынан бастап милицияның балалар бөлмелері кәмелеттік жасқа томағандар ісі жөніндегі инспекция деп атала бастаған. Ал 1993 жылдан бастап инспекция атауы кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бөлімдері деп өзгерді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 маусымдағы Жарлығымен бекітілген ҚР-дағы ювеналды әділет жүйесін дамыту тұжырымдамасы шеңберінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі барлық бөлімшелер ювеналды полиция бөлімшелері болып қайта құрылды.

Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында ювеналды полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Бүгінде Өскемен қаласындағы Ертіс полиция бөлімінде осы салада 20 маман қызмет атқарады. Оның 12-сі нәзік жандар болса, 8-і ер адамдар. Солардың бірі - кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектор полиция капитаны Руслан Мазбаев.

Зайсан ауданы Қаратал ауылының тумасы Талдықорған заң колледжінде білім алған. Кейін әскерге аттанып, Отан алдындағы борышын өтеп келгеннен соң шекара қызметінде келісімшарт бойынша жұмыс жасаған. Ал 2013 жылдан бастап Ертіс полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторы қызметін атқарып келеді.

Біздің қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар арасында түрлі құқықбұзушылыққа, қылмысқа жол бермеу, оның алдын алу. Балалар өз әрекеттерінің ауырлығы мен жауапкершілігін түсінбестен қателіктерге бой алдырады, осылайша болашағына балта шабады, - дейді полиция капитаны Руслан Мазбаев. - Көбінесе әкімшілік заңбұзушылықтар түнгі уақыттарда орын алады. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға сағат 23.00-ден кейін ата-анасы немесе заңды өкілдерінсіз көшеде жүруге болмайды. Көшеде ұсталған балалардың ата-аналарын шақыртып, оларға қатысты 442-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Бірінші рет тек ескерту жасалса, екінші рет іс сотқа жөнелтіледі. Кәмелетке толмағандар көбінесе ұрлыққа жиі барады, қалада велосипед, самокат, телефон ұрлығы жиі тіркеледі. Сондай-ақ, сауда орындарындағы киім бутиктерінен киініп алып, шығып кететін жағдайлар жиі кездеседі. Одан өзге, кәмелетке толмағандар төбелес сияқты бұзақылық әрекеттерге жиі барады. Мәселен, былтыр қаладағы ірі сауда үйінде қыздардың төбелесі бүкіл елде резонанс тудырды. Қатарластарына әлімжеттік көрсеткен екі қыз бала 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Осы орайда айта кетейік, 16 жасқа толмағандарға қылмыстық іс қозғалмайды. Олармен әңгіме жүргізіліп, материал әкімдік жанынан құрылған кәмелеттік жасқа толмағандар құқығын қорғау комиссиясына жөнелтіледі.

Қараусыз, панасыз жүрген, сабақтан қашып, мектепке бармай жүрген, ойынқұмар оқушылар полиция ерекше назарына алынып, есеке қойылады, оларға қатысты жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар балаларын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, ішімдік ішіп, есірткіге құмар ата-аналар мен қамқоршыларын анықтап, оларды да есепке қояды.

Ертіс ПБ-де 40-тан астам отбасы, 20-ға жуық кәмелетке толмаған бала есепте тұр. Оның ішінде 7 қыз бала девиантты мінез-құлықпен арнайы мектеп-интернаттан келген, қалғандары мектептен қашып жүргендер, - дейді кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектор. - Соңғы екі жылдағы статистикаға қарасақ, қазіргі таңда полиция есебінде тұратын балалар саны азайғанын байқауға болады. Қазіргі балалардың көзі ашық, заңды, өз құқықтарын жақсы біледі. Оның үстіне, әр мектептегі инспекторлар оқушыларға құқықтық, әкімшілік, қылмыстық кодекс бойынша жиі лекциялар оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.

Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторларда психологтармен, білім басқармасы, мектептермен бірлескен жүйелі жұмыс жолға қойылған.

Қазір жазғы демалыс уақытында сабақтан босаған кей балалар жұмыс істеп, ақша тапқысы келеді.  Кәмелетке толмаған балаларды жұмысқа қабылдамау туралы заң 
жазғы уақытта құқық қорғау органдары тарапынан үлкен қадағалауға алынады. 

Кәмелеттік жасқа толмаған бала күніне 4 сағат қана жұмыс істеуі керек. Ата-анасының рұқсаты керек, жұмыс берушімен келісімшарт жасалуы керек. Түнгі клубтарда жасөспірімдердің даяшы, бармен болып жұмыс істеп жүретін жағдайлар да кездеседі. Ондай фактілер анықталса, ол көңіл көтеру орындарының иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылады, - дейді полиция капитаны Руслан Мазбаев.

Кәметелке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларға жүктелген міндеттер өте жауапты да қиын, бірақ өте маңызды. Бұл міндет инспектордан жоғары кәсіби қасиеттерді талап етеді, мұнда тек заңдарды білу ғана емес, сонымен бірге психологиялық тұрақтылық, балалар мен жасөспірімдер психологиясын білу, жоғары моральдық және жеке қасиеттер де маңызды рөл атқарады.

Баласы түзу жолдан аттамай, бетке ұстар азамат болып өсуі үшін ата-аналар ерте жастан бастап балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізуі керек, олармен сенімді байланыс орнатып, баласының хоббиі мен олардың достарын, араласатын ортасын білуі маңызды, - дейді өзі де үш бала тәрбиелеп отырған Руслан Әденбекұлы.


Следующая →