Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да биыл 350 жас маман ауылға жұмыс істеуге барады

Бүгін облыс орталығында облыс әкімі аппаратының жетекшісі жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен жастар ұйымдары басшыларымен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да биыл 350 жас маман ауылға жұмыс істеуге барады
Фото:
Ә. Есімханов

Кездесу барысында қазіргі таңда жастарды қолдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен жастар жиі ұшырасатын мәселелер жайы талқыланды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ең әуелі жастарды жұмыспен қатму мәселесі көтерілді. Мәселен, өңірде бұл бағытта "Жасыл ел" және "Дипломмен ауылға" бағдарламалары белсенді іске асуда.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиевтің айтуынша, "Жасыл ел" бойынша жылда 1000-ға тарта студент жұмыс істейді.

Тек жұмыспен қамтылып қана қоймай, болашақ кәсіпкерлерді түлетіп ұшыруда. Жыл сайын біз 1000-ға тарта студентті жұмыспен қамтимыз. Осы бойынша жастар ресурстық орталықтары да белсенділік танытқандары жөн. Өзім жас маман болып келгенде бізден кейінгі буынмен етене жұмыс істеп, оларды қатарымызға шақырып жүрдік, - деді Ербол Жолдасбекұлы.

Одан өзге, биыл "Дипломмен – ауылға" бағдарламасымен 350 маман ауылдарға жіберіледі.

Жиын барысында жастар ұшырайтын мәселелер де талқыланды.

Мәселен, өңірдегі 7 мыңға тарта жас банктер мен түрлі қаржы орталықтарына жалпы сомасы 4 млрд теңге қарыз екен.

"Агрессивті несие алу" басшылық тарапынан анонимді сауалнама өткізуге мәжбүрледі. Сауалнама үш ЖОО мен 36 колледжде өткізілді. Соған сүйенсек, 18-25 жас аралығындағы 7 мыңға тарта жастың мойнындағы қарызы - 4 млрд теңгеге жеткен. Олардың түрлі банктер мен қаржы орталықтарының алдында берешегі бар. Сауалнама көрсеткендей, балаларының қарыз алғанын ата-аналары білмейді, - деді аппарат басшысы.

Следующая →