Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ауыл шаруашылық саласының болашақ мамандары сайысқа түсті

Студенттер егіс даласында арнайы техникаларымен жер жыртып, тұқым егіп жарысты

Усть-Каменогорск и ВКО / Ауыл шаруашылық саласының болашақ мамандары сайысқа түсті

Самар ауданының аграрлық-техникалық колледжінің 65 жылдығына орай ШҚО ауыл шаруашылығы колледждерінің студенттері арасында "Өз ісінің шебері" кәсіби шеберлік сайысы өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сайысқа қатысушылар облыстың әр өңірінен жиналып, бар өнерлерін салды. Әр ауданнан келген қатысушылар өз білім ордаларындағы күнделікті өмірін бейнежазба арқылы көрерменге көрсетті. Ал әділқазылар студенттердің жұмысын бағалады.

Колледж директоры Жанаргүл Жолжақсынованың айтуынша, оқу орны 65 жыл аралығында ауыл шаруашылығына жиырма мыңнан астам мамандар дайындап шығыпты.

Бұл шара ауыл шаруашылығы бағытының әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша колледж студенттерінің кәсіби даярлық сапасын арттыру, олардың кәсіби құзыреттілігін одан әрі жетілдіру және мамандықтың беделін арттыру мақсатында өткізіліп отыр. Бұл қазіргі ауыл шаруашылығы саласындағы маман тапшылығы мәселесінің шешілуіне өз септігін тигізеді, – дейді колледж директоры.

Байқаудың жартысы егіс даласында өтті. Олар арнайы техникаларымен жер жыртып, тұқым егіп, бақ сынасты.

Қазіргі таңда жастар ауыл шаруашылығы саласына көп бара бермейді. Салдарынан салада маман тапшылығы қатты сезіліп жатыр. Сондықтан жыл сайын осындай ауқымды шаралар өтіп тұруы керек. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты. Әділ өтіп жатыр, – дейді жетекшілердің бірі.

Шынында да, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында маман тапшы. Себебі жастар қиындығы мен машақаты көп жұмысқа барғысы келмейді. Шын мәнінде осы салада жүрген жандар ел экономикасының артуына өлшеусіз үлес қосып жатыр деп айтуға әбден болады.

Жарыстың қорытындысы бойынша:

  • 1-орын – "Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі" студенті Арнұр Құмарбеков;
  • 2-орын – "Алтай ауданының ауыл шаруашылық колледжі" КММ-ның студенті Кирилл Полковников;
  • 3-орын – "Зайсан технологиялық колледжі" КММ-ның студенті Эльдар Ахметқалиев, "Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі" КММ-нің студенті ДәуеновӘли. Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Следующая →