ясно
°
$
503.17
-0.73
600.89
-2.43
¥
72.45
-0.09
6.63
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде бүгіннен бастап №256 және №255 шағын автобустар жүре бастады

Енді Жаңа Ахмерден 21-шағын ауданға, Нұрлы көш ауылынан 28-шағын ауданға тікелей қатынауға болады

Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығындағы ең ірі жолаушы тасымалдаушы "Vosca" ЖШС автопаркі жаңа 5 шағын автобус сатып алған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Өскемен қаласы ЖТБО" ЖШС бүгін екі бағыттағы шағын автобустар сынақ режимінде жүре бастағанын мәлімдеді.

7 маусымнан бастап сынақ режимінде "Нұрлы Көш ауылы – 28-шағын ауданы – Өзен вокзалы ауданы" бағытындағы №256 шағын автобустары, "Жаңа Ахмер кенті – 21 шағын аудан" бағытындағы №255 шағын автобустары өз жұмысын бастайды. Жұмыс уақыты дүйсенбіден жұмаға дейін, сенбі-жексенбі - демалыс, - деп мәлімдеді "Өскемен қаласы ЖТБО" ЖШС.

Аялдамалар тізімі төменде.

Следующая →