Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +28°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +27°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +26°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +26°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +32°
$
464.72
+5.12
496.32
+3.26
¥
64
+0.70
5.4
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддер мен Өскеменде кене энцефалитінің 2 жағдайы тіркелді

ШҚО-да көктемнен бері кене шаққан 2397 адам ауруханаға жүгінген

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер мен Өскеменде кене энцефалитінің 2 жағдайы тіркелді
Фото:
pexels.com

Кене энцефалитінің табиғи ошақтары Глубокое, Зайсан, Алтай, Катонқарағай, Самар, Ұлан, Шемонаиха аудандары және Өскемен, Риддер қалаларының шет жақтарында, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ақпаратына сүйенсек, 2024 жылғы эпидемиологиялық маусымы басталғалы бері облыс аумағында Риддер қаласы мен Өскемен қаласында кене энцефалитінің 2 зертханалық расталған жағдайы тіркелді (өткен жылдың ұқсас кезеңінде кене энцефалитінің 1 жағдайы тіркелген).

Кене шаққан ересектер стационарлық түрде ем қабылдап шықты. Эпидемиологиялық зерттеу деректері бойынша 1-ші жағдайда зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінбеді, екінші науқас уақтылы медициналық көмекке жүгініп, кенеге қарсы иммуноглобулин алды, - деді ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина. - 2024 жылдың ағымдағы кезеңі бойынша кене боррелиозының 3 жағдайы тіркелген ( ұқсас кезеңі бойынша 4 жағдай). Барлық 3 жағдай ересектер арасында Өскемен қаласында тіркелген. 3 жағдайдың 2 жағдайы зертханалық түрде расталған. Эпидемиологиялық зерттеудің деректері бойынша кене боррелиозының жағдайы (кене шағуынан) Глубокое ауданының Винное және Бобровка ауылдарының маңында және Пантон көпірінің артындағы саяжай аймағында болған.

Айта кету керек, біздің облыста кене шағуынан зардап шеккен адамдардың саны жыл сайын республика бойынша ең жоғары, яғни ҚР бойынша тіркелген барлық жағдайлардың 30-35%-ын құрайды.

Облыс бойынша 4 маусымындағы жағдай бойынша кене шағып, медициналық көмекке 2397 адам жүгінсе, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны - 693 (29%).

Олардың 2264-і (94%) алдын ала кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді алғандар. Қалған 133-і түрлі себептерге байланысты иммуноглобулин алмаған, - деді Сәуле Слямғазина. - Кене шағу жағдайы Өскемен, Риддер, Алтай ауданы, Шемонаиха, Глубокое және Катонқарағай аудандарының аумақтарында тіркелген. Бүгінгі күні эндемиялық аумақтарының медициналық ұйымдарында иммуноглобулиннің қоры жеткілікті мөлшерде.


Следующая →