Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +24°
$
478.16
-1.55
534.92
+1.15
¥
68.07
-0.15
5.18
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ның әр өңірінің белсенді жастары Өскеменде бас қосты

Өңірдің қала-аудандарының белсенді жастары, жұмысшы жастары мен студенттер, жас ұстаздардың барлығы облыс орталығында бас қосты

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ның әр өңірінің белсенді жастары Өскеменде бас қосты
Фото:
С. Аманжолов ат. ШҚУ баспасөз қызметінен

Олармен кездесуге ҚР Президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары, Ұлттық құрылтай мүшесі, "Team Qazaqstan" жобасының жетекшісі Олжас Сүлеймен мен "Жастар" ҒЗО директоры Айсұлу Ерниязова арнайы шақыртылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

С. Аманжолв атындағы ШҚУ қабырғасында "JASTARMEN BIRGE" диалог алаңы ұйымдастырылды. Мұнда жастар мен жас көшбасшылар арасында еркін форматта әңгіме өрбіп, бүкпесіз тақырыптар қозғалды.

Шығыс Қазақстан облысының жастарымен кездесіп жатырмыз. Жастар көздерінен от ұшқындап тұрған мықты жастар екенін көруге болады. Біздің басты мақсат – өз тәжірибемізбен бөлісу, көшбасшылық қасиеттерге үйрету, кәсіп қалай бастауға болатындығы, қазіргі жастар үшін мемлекет тарапынан қандай жағдайлар жасалуда, қандай жұмыстар атқарылып жатыр, осынмен бөлдісу. Сонымен қатар, жастардың пікіріне құлақ асу, оларды тыңдап, пікір алмасу. Өйткені олардан алар құндылық көп, - дейді ҚР Президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Олжас Сүлеймен.

Айта кетейік, Олжас Серікбайұлы – "Болашақ" бағдарламасымен Қытайдың Тонгжи университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген. 2012-2013 жылдар аралығында Тонгжи университетіндегі "International Students Association" халықаралық студенттер қауымдастығының президенті болған. Сондай-ақ, Қытайдың Сиань қаласындағы "Kazakhstan Students Association in China" қазақстандық студенттердің жастар ұйымының негізін қалаушы. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, "Болашақ" қауымдастығының, БҰҰ жанындағы жас көшбасшылар қауымдастығының мүшесі.

Осындай алдыңғы буыннан үлгі алып жүрген жастар ашық алаңда тікелей сұрақ қойып, пікірлерін ортаға салды.

Следующая →