ШҚО су айдындары мен жағажайлары дайын ба?
Облыс бойынша шомылуға арналған 22 учаске анықталып, 74 орынға тыйым салынады
Өңірдегі демалыс орындарының иелері "Су айдындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру туралы" ережелерді қатаң басшылыққа алуы тиіс, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
Шомылуға рұқсат етілген су айдындарында міндетті түрде жүзу аймағының шекарасы көрсетілуі керек, әсіресе балаларға арналған шекара маңызды. Жүзу үшін рұқсат етілген максималды тереңдікті белгілейтін қалқымалар қойылуы керек. Сондай-ақ, суға батып бара жатқан адамға көмек көрсетуге арналған құралдары бар арнайы медициналық және құтқару бекеттері болуы керек.
Облыс аумағында ағымдағы жылы 6 коммуналдық жағажай жұмыс істейді: 2 - Алтай ауданында, 2 – Өскеменде, 1 - Ұлан ауданында және Риддер қаласында, - дейді ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Агажаев. - Бұл жағажайларда әзірге тек дайындық жұмыстары жүргізілуде: аумақты тазарту, су айдындарының түбін тексеру, құтқарушыларды кезекшілікке үйрету, медперсоналға арналған бекеттерді жасақтау және құтқару құралдарын сатып алу. Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің жаңа қаулысы бойынша шомылуға арналған 22 учаске анықталып, 74 орынға тыйым салынады.
Жазғы кезеңде Бұқтырма су қоймасында құтқарушылардың мобильді бекеттері жұмыс істейтін болады.
ШҚО ТЖД мамандары демалушыларды тек жабдықталған жағажайларға баруды ескертеді. Тыйым салатын белгілер жайдан-жай қойылмайтынын естен шығармаңыз: мұндай су айдындарында күшті ток, шұңқырлар болуы мүмкін, түбін сүңгуірлер тексермейді.
Сондай-ақ, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапты адамдар мен азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
ШҚО ТЖД деректеріне сәйкес, Шығыс Қазақстанның су айдындарында өткен шомылу маусымында 6 адам суға батып кеткен, барлық жағдайлар рұқсат етілмеген су айдындарында тіркелген.