Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменге жаңа 10 үлкен автобус пен 5 шағын автобус жеткізілді

Облыс орталығындағы ең ірі жолаушы тасымалдаушы "Vosca" ЖШС өз бағыттарына жаңа автобустар шығармақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменге жаңа 10 үлкен автобус пен 5 шағын автобус жеткізілді
Фото:
Устинка LIVE

Қалада қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі қаладағы қоғамдық көліктердің 30%-ы жаңартылғанын айтады. Алдағы уақытта да жолаушылар үшін ыңғайлы жаңа автобустар жеткізілмек.

Yutong маркалы 10 жаңа автобус келді. Олар алдағы уақытта №17 және №12 бағыттар бойынша қатынайтын болады, - дейді "Vosca" ЖШС автотізбек басшысы Данияр Мұхтаров. - Заманауи автобустар автомат жетекті, 26 отыратын орны бар, жалпы сыйымдылығы 80 адам. Сонымен қатар, жаңа 5 шағын автобус жеткізілді.

Алдағы аптада шағын автобустар Жаңа Ахмер мен ЖМК аудандарын байланыстыратын №255 бағыт бойынша,28-шағын ауданнан "Автобекетке" дейін қатынайтын №256 бағыт бойынша шығатын болады.

Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасап, автобустардың санын көбейту мақсатында 3-ші жыл қатарынан қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары белсенді жүргізілуде, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Облыстық әкімдіктің қолдауымен субсидия алған жолаушы тасымалдайтын компаниялардың автопаркі біртіндеп жаңарып, жұмысы жақсарып келеді.

Жаңа автобустар жеткізіліп жатқанымен, жүргузішілер жетіспеушілігі мәселесі әлі де шешімін таппай отыр.

Автопаркте жүргізушілер 30%-дай жеткіліксіз. Жүргізушілер үстеме жұмыс алуға мәжбүр. Жаңа, ыңғайлы автобустар жеткізіліп жатқандықтан, жаңа жүргізушілер де жұмысқа келер деген үміттеміз. Автопарк жүргізушілерінің айлығы орта есеппен 350 мың теңге. Жалақыны көтеріп жатырмыз, - дейді "Vosca" ЖШС автотізбек басшысы Данияр Мұхтаров.

Следующая →