ШҚО онкологтары тегін қабылдау жүргізеді
Бұл жолы мамандар бас және мойын ісіктерінің алдын алу үшін тексеріс жүргізбек
Ашық есік күні алдағы сенбіге жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
8 маусымда сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында бас және мойын ісіктерінің алдын алу және ерте анықтау бойынша кезекті Ашық есік күні өтеді, - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі. - Бұл күні облыс тұрғындары МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады. Терапевтен жолдама қажет емес. Тек жеке куәлік болуы керек.
Мекенжайы: Потанин к-сі, 6, 1-корпус, консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана).
Барлық сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (7232) 48-91-51, +7 778 003 78 45.