Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Талдықорған – Өскемен" автожолындағы жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын "Талдықорған – Өскемен" автожолының қайта жаңару жұмыстарын жалғастырып жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / "Талдықорған – Өскемен" автожолындағы жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады
Фото:
t.me/qazavtojol

Қайта жаңарудан өтіп жатқан "Талдықорған – Өскемен" автожолы үш облысты қамтиды: Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл жолдың 58 шақырымы І-б санатына, ал 710 шақырымы ІІ санатқа жатады. Қазіргі таңда 748 шақырымға жаңа асфальтбетон жабыны төселді.

Жоба аясында 81 көпір мен жол өткелдерін, сондай-ақ 521 су өткізгіш құбырларын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, жоба аясында санитарлық-гигиеналық құрылғылары бар демалыс орындарын соғу қарастырылған, - деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК. - 2023 жылы Талдықорған қаласынан Абай облысына, Қаракөл ауылынан Аягөз және Өскемен қалаларына дейін қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 87,3 шақырым (90 шақырымнан) айналма жолы алынып, 127 шақырымға төменгі қабат төселді.

2024 жылдың басынан бері 35 шақырым асфальтбетон жабыны төселді немесе 45 мың тонна асфальтбетон. Қазіргі таңда қуаттылығы 2,4 мың тонна/сағ-тан асатын 12 асфальтбетон зауыты және 2,3 мың тонна/сағ құрайтын 9 ұсақтап іріктейтін зауыт мобилизацияланып, 861 бірлік техника мен 1312 адам жұмылдырылды.

Следующая →