Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +32°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +31°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +27°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +28°
  • Шымкент
    +27°
$
451.38
-0.39
487.22
+1.25
¥
62.24
-0.04
5.14
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Риддер және Зайсан ауданының көпбалалы отбасыларына пәтер кілттері табысталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы көпбалалы отбасылар баспаналы болды
Фото:
pexels.com

14 отбасы "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы бойынша салынған үйлерге қоныстанды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Риддер қаласы 238 жылдығын атап өтті. Осыған орай, 10 көпбалалы отбасыға жаңа үйлердің кілті табысталды.

Жаңа үйлер Ботаника 3-шағын ауданында "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы бойынша бой көтерген.

Жергілікті әкімдік ақпаратына сүйенсек, жалпы жоба құны 340 млн теңге. Екі пәтерлі 10 үйдің құрылысына қаржы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген.

"Ботаника" Риддердегі экологиялық таза аудандардың бірі. Әр үйдің ауласы 10 сотық. Үй пешпен жылытылады, болашақта қалалық әкімдік бұл үйлерді орталық кәріз жүйесіне қоспақ, - деді мердігердік құрылыс компаниясының өкілі Елена Маслакова.

Әр үйдің ауданы 80 шаршы метр, үш бөлмелі. Сонымен қатар, ас бөлмесі, от жағатын бөлмесі бөлек және жуынатын бөлме бар. Барлық баспана тұрғындарға толықтай дайын қалпында табысталды.

Жаңа баспанаға ие болғанымызға қуаныштымыз. Біз баспана кезегінде 2015 жылдан бері тұрмыз. Отбасымызда өзіміздің бес бала мен асырап алған бес бала бар. Өз үйіміз болатынына бақыттымыз, барлық көмектескен жандарға алғыс айтамын, - дейді "Алтын алқа" иегері Марина Соболева.

Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Байжұменовтің сөзіне сүйенсек, бұл жолы 10 көпбалалы отбасыға баспана кілттері табысталады. Ал қалған 10 отбасыға кілттер 1 қыркүйекте табысталмақ. Келер жылы тағы ба  екі пәтерлі 10 үй салынады.

Сонымен қатар, Балалар күніне орай Зайсан ауданындағы Кеңсай ауылында да көпбалалы отбасылар жаңа баспанаға ие болды.

Следующая →